Шетелген келген 38 азамат тексерілуде

672

28 наурызында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат.

Шетелген келген 38 азамат тексерілуде Фото: inbusiness.kz

2021 жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, Түркия, Германия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан 42 халықаралық әуе рейсі келді. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 5 389 әуе жолаушыларының ішінде 5 351 адамда ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама бар, ал 38 азамат анықтамасыз келген, деп жазады inbusiness.kz.

 Алматы қаласының әуежайына – 23 рейс, 2 988 жолаушы, анықтамамен – 2 970, анықтамасыз – 18;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 419 жолаушы, анықтамамен - 1 406; анықтамасыз - 13;

Шымкент қаласының әуежайына – 7 рейс, барлық 836 жолаушы анықтамамен келген;

Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 19 жолаушы анықтамамен келген;

Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 127 жолаушы, анықтамамен - 120; анықтамасыз - 7.

"Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде",– дейді комитеттен.

Ал 27 наурызда шетелден анықтамасыз келген 27 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу