Шетпе ауылында тәулігіне 5 тонна ұн шығаратын цех ашылды

1169

Маңғыстау облысының Шетпе ауылында ұн шығаратын цех ашылды.   

  Шетпе ауылында тәулігіне 5 тонна ұн шығаратын цех ашылды

Комбинат тәулігіне 5 тонна ұн өндіреді. Қазір цех ауыл тұрғындарының қажеттілігін өтеп отыр. Кәсіпкер әзірге тұтынушылардың әкелген бидайын тартып беру жұмыстарын ұйымдастырады. Алдағы уақытта ол астықты өзге өңірлерден әкеліп, ұн шығаруды жоспарлап отыр.

Бұл кәсіпті бастау үшін "Сегізбай Ата" өндірістік кооперативінің басшысы Мұхтар Қармысов "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 10 млн теңге қайтарымды қаржы алған. Қаржыға заманауи үлгідегі құрылғыны сатып алды. Аппарат бидайды тазалап, шаңын қағып, тартып шығарады. Күніне өнім көлемін арттыруға қауқарлы.

"Қазір комбинат 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Болашақта цехтың қуаттылығын арттырып, қызметкер санын көбейтуді көздеп отырмыз", – деді кәсіпкер.                                                                                                 

Алмас Қылыш                                                                                                                                                                      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу