Шиелі ауданы халқының 85 пайызы газбен қамтылады

552

Бұл туралы Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов мәлімдеді.  

Шиелі ауданы халқының 85 пайызы газбен қамтылады Фото: gov.kz

"Бүгінде Шиелі кенті және Ы.Жақаев, Бидайкөл, Байсын, Н.Бекежанов, Ш.Қодаманов, Ақмая, Алғабас ауылдары, яғни аудан халқының 68 пайызы көгілдір отынға қосылған" - деді Н.Ахатов.

Алдағы уақытта Еңбекші, Жиделіарық, Алмалы және Ә.Тәжібаев елді мекендеріне газ жеткізілмек. Жобалар, бюджеттік өтінім тиісті министрлікке тапсырылды.

Әкімнің айтуынша, Тартоғай (демеушілер есебінен), Майлытоғай елді мекендерінің (ішкі және сыртқы магистралды газ құбыры) жобалық сметалық құжаттары дайындалып жатыр.

"Осы жобалар іске асқан жағдайда аудан халқының 85 пайызы газбен қамтылатын болады" - деді аудан басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу