Вирусты жұқтырғандардың үшеуі де Шиелі ауданында тіркелді, деп хабарлайды Жедел штаб.
Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр.
Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы алдын-алу шаралары ұйымдастырылып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу