Шиелі ауданында тампонажды цемент өндіріледі

1105

Шиелі ауданында тампонажды цемент өндіріледі

Индустриалды-инновациялық  даму бағдарламасы аясында тағы бір кәсіпорынның іргесі қаланды.  Қызылорда облысының Шиелі ауданында тампонажды цемент өндірілетін болады, деп хабарлайды khabar.kz. 

Қазақ-қытай біріккен кәсіпорны жылына 1 миллион тонна өнім шығармақ. Жаңа зауыт Шиелі ауданындағы  индустриалды аймақтан бой көтеруде. Ол үшін 46 гектар жер телімі беріліп отыр.

Құрылыс барысында 400 адам жұмыс істейді. Ал зауыт іске қосылғаннан кейін 260 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жоспар бойынша, келер жылдың желтоқсан айында зауыт алғашқы өнімін шығара бастайды. Тампонажды цемент мұнай және атом саласында кеңінен қолданылады. "Бұл импорттайтын құрылыс материалдары көлемін азайтуға айтарлықтай ықпал ететін болады", – дейді мамандар.   

"Шикізат қоры мен жаңа технологиялардың мүмкіндігі баға мен сапаға тікелей әсер ететін болады. Өнімге қажетті шикізаттың 98 пайызы өңірден табылады. Бұл – құм, доломит, әк тасы және қиыршық тас. Тек 1-2 пайыз қоспаларды сырттан әкелетін боламыз", - дейді компания басшысы Ли Цзиньцин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу