Шиеліде цемент зауыты іске қосылды

2150

Тампонажды цемент зауытын "Данаке корпорациясы" мен Қытай мемлекетінің "Гежуба групп цемент" компаниясы бірлесіп салды.

Шиеліде цемент зауыты іске қосылды

Мамандардың айтуынша, басқа цемент түрлерінен айырмасы тампонажды цемент түрлі қоспалармен сұйық түрде шығарылып, ғимараттардың арасындағы саңылауларға және газ-мұнай және атом өнеркәсібі саласында су асты құбырларын бекітуге пайдаланылады.

"Гежуба Шиелі цемент" ЖШС бұл жобаны аймақтағы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бастады. Зауыт толық қуатында жұмыс істеген кезде жылына 1 млн тоннаға дейін цемент өндіреді. Биыл жыл аяғына дейін 500 мың тонна сапалы өнім шығармақ. Қазірдің өзінде тәулігіне 2,5 мың тонна тампонажды цемент өндіруге қауқарлы. Бұған жергілікті жердегі доломит, әктас, құм жеткілікті мөлшерде шикізат ретінде әзірленеді.

"Бірлескен кәсіпорынға 198 адам тартылған болса, олардың 160-сы қазақстандықтар. 38-і қытайлық мамандар болғанымен жергілікті жұмысшыларды үйреткен соң, елдеріне қайтады", – дейді Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы.

Аудан әкімдігі екі мемлекет арасындағы уағдаластыққа сай зауыт құрылысына 50 гектар жер бөлген. Оның 4 гектарына жұмысшыларға арналған жатақхана салынып, ондаған әлеуметтік нысандар бой көтереді. Өндірістік ғимараттар 46 гектарды қамтитын болады.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу