Қызылорда облысы Шиелі ауданында "Спорттық-сауықтыру" кешені бой көтереді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Салтанатты шарада аудан басшысы Әшім Оразбекұлы іргетасы қаланып, енді бой көтеретін нысанның ел игілігіне жұмыс жасайтынын атап өтті. Сондай-ақ жабық жүзу бассейні келешекте аудан тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізетініне сенім білдірді
"Спорттық-сауықтыру" кешенінің құрылысына 462 млн теңге қаржы қарастырылған. Спорттық нысан жеке кәсіпкер Болат Примбетовтің жеке қаражаты есебінен бой көтеретін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу