Шигео Катсу Jusan Bank акционерінің директорлар кеңесінен шықты

335

Енді Jusan Bank-тің директорлар кеңесін Ғалымжан Есенов басқарады.

Шигео Катсу Jusan Bank акционерінің директорлар кеңесінен шықты Фото: Ведомство Казахстана

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметі бойынша, 26 шілдеде First Heartland Securities акционерлерінің жалпы жиналысында Шигео Катсудың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімовтің бұрынғы күйеу баласының активтері 2023 жылдың мамыр айында 435 млн долларға бағаланады. Оған "First Heartland Jusan Bank" АҚ-да акциялардың 19,67%-ы тиесілі. 

Шілде айының ортасында Bloomberg өзінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Ғалымжан Есенов Jusan банкін толық бақылауға алатынын хабарлады. Ал АТФ Банкінің бұрынғы иесі жақын арада қаржы институтының 100% акцияларын және оның барлық активтерінің иесі болып жарияланады. 

Осыдан біраз бұрын Қазақстан Үкіметі Jusan Bank қазақстандық юрисдикцияға оралатынынжариялады. Айта кетейік, First Heartland Securities Jusan Bank-тің көп бөлігіне иелік етеді.

17 мамырда Назарбаев университетінің қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті, онда университет президенті Шигео Катсудың өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды. Алдымен университеттің өзінде бұл ақпарат жоққа шығарылды. Алайда кейінірек президент Катсу 13 жылдан кейін қызметінен кетуге шешім қабылдағаны расталды.

Айта кетейік, "First Heartland jusan Bank" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы 10 тамыз күні сағат 12-де өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу