Статистика комитеті 2017 жылғы қаңтар-маусымдағы Ақтөбе облысы бойынша өнеркәсіп өнімі жұмыстарының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды abctv.kz.
Ақтөбе облысында жарты жылда өнеркәсіптік өндірістің индексі 104,9 пайызды құрады.
2017 жылғы қаңтар-маусымда 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда металл кендерін өндіру және кен өндіру өнеркәсібінің басқа саласында өндіріс көлемі артты. Қара металлургия, машина жасау, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру, тамақ өнімдерін өндіру өсті. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі 9 ауданда және Ақтөбе қ. байқалды.
Шикі мұнай өндіру өнеркәсібі және темір кендерін өндіру өнеркәсібі төмендеді
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу