Шикізат емес экспорт былтырғыдан 21 пайыз артық

741

Қазақстанның шикізат емес экспорты, биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша, 37,5 млрд доллар болды. Былтырғыдан 21 пайызы жоғары көрсеткіш. 

Шикізат емес экспорт былтырғыдан 21 пайыз артық

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Экспортты ілгерілету департаментінің директоры Өмірбек Баштай мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kzтілшісі.

"Мұндай өсім сақталса, межеленген көрсеткішті асыра орындауға болады. Яғни жақсы қарқынмен келе жатырмыз. Қойылған міндетті орындауымыз керек. Сыртқы нарыққа шикізат емес тауарлардың экспортын ілгерілету еліміз үшін басым бағыт болып есептеледі. Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына 2025 жылға дейін шикізат емес тауарлар мен қызметтердің экспорт көлемін 41 млрд долларға жеткізу міндетін қойып отыр", – деп сендіреді ол.

Айтуынша, кейінгі жылдары Қазақстанның шикізат емес тауар экспорттау картасы кеңейген.

Сондай-ақ экспорттың бағдары өзгергенін көріп отырмыз. Бұрын негізінен іргелес елдерге өткізетін болсақ, бүгінде шалғай шетелге де шығып жатырмыз. Ол үшін бүкіл жағдай жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу