Шикізаттық емес тауар экспортын 1,5 есеге арттыру қажет

886

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шикізаттық емес тауар экспортын 1,5 есеге арттыру қажет

2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есе немесе 24 млрд долларға дейін көбейту керек. Президенттің айтуынша, экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауар номенклатурасын кеңейту және экспорт географиясын кеңейту маңызды мәселе. 

"2020 жылдың қорытындысы бойынша индустрияландырудың 10 жылында алғаш рет өңдеуші өнеркәсіптің экономиканың дамуына қосқан үлесі тау-кен өндіру саласының үлесінен асып түсті. Орта мерзімді мақсат: 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 24 млрд долларға дейін 1,5 есеге, ал еңбек өнімділігін 30% -ға арттыру", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлект басшысының сөзінше, әзірленіп жатқан "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң өңдеу секторының алдында тұрған сұрақтарға жауап беруге тиіс. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу