Шілде айы да қуаңшылықтан "құтқармайды"

1417

Синоптиктер қуаңшылықтан зардап шегіп отырған өңірлер үшін бұл ай да қуантарлықтай жауын-шашынды болмайды деп болжады.

Шілде айы да қуаңшылықтан "құтқармайды"

Шілдеде Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Маңғыстау облыстары қуаңшылық зардабын тарта түседі, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Статистикалық болжамға сәйкес, шілдеде Ақтөбе (Нұра, Ырғыз), Қостанай (Қарамеңді, Амангелді), Атырау (Құлсары) және Маңғыстау (Аққұдық) облыстарының жекелеген елдімекендерінде экстремалды қуаңшылық болуы ықтимал.

Қатты қуаңшылық – Ақмола (Есіл, Жақсы, Атбасар), Ақтөбе (Новороссийское, Қарабұтақ, Басқұдық, Нұра, Ырғыз), Қостанай (Пресногорьковка, Аршалы, Тобыл, Аралкөл, Торғай), Солтүстік Қазақстан (Тайынша) және Маңғыстау облыстарында;

Орташа қуаңшылық – Ақмола (Балкашино), Ақтөбе (Комсомольское, Темір), Қостанай (Михайловка, Қарасу, Жітіқара, Құсмұрын, Диевская, Железнодорожный), Солтүстік Қазақстан (Явленка, Сергеевка және Рузаевка), Шығыс Қазақстан (Лениногорск), Жамбыл (Қордай), Алматы (4-ші Ауыл), Қызылорда (Қазалы) және Атырау облыстарында (Атырау) болуы ықтимал.

"Маусымның соңғы онкүндігінде өткен мол жауын-шашын нәтижесінде орташа ылғалды жағдайлар Батыс Қазақстан (Жалпақтал, Жәнібек, Орда), Шығыс Қазақстан (Бақты) және Маңғыстау (Бейнеу) облыстарында болжанады. Қалған аумақтарда ылғалдану шарттары қалыпты жағдайға жақын болады", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, шілдеде еліміздің солтүстік-шығыс жартысында жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу