Шілде айы шіліңгір ыстықпен басталмақ

758

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Шілде айы шіліңгір ыстықпен басталмақ Фото: pixabay.com

29 маусымнан бастап 1 шілдеге дейін республика аумағының басым бөлігінде найзағай және екпінді желмен қатар қысқа мерзімді жаңбыр жауады. 1 шілдеде елдің батысында қатты жаңбыр болып, бұршақ жаууы үммкін деп күтілуде.  Елдің солтүстігі мен орталығында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады, деп жазады inbusiness.kz 

Күндізгі температура солтүстікте 25-30 градусқа дейін, орталықта 30-35 градусқа дейін, оңтүстікте 33-38°С дейін, оңтүстік-шығыста 28-33°С дейін біртіндеп көтерілуі мүмкін. Ал, республиканың шығысында сынап бағандары күндіз 17-25°С дейін көтеріледі, елдің батысында күндізгі ауа температурасы 25-30°С, оңтүстік-шығыста 33-38 градусқа дейін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу