Шілде айында 93 мың автокөлік есепке қойылған

1027

Биыл шілдеде есепке 93 мың бірлік автокөлік құралы қойылған. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға артық.

Шілде айында 93 мың автокөлік есепке қойылған

Жеңіл автомобильдер – 8,9%-ға, жүк автомобильдері – 10,1%-ға, автобустар 8,7%-ға артқан.

"2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 362 мың бірлікті құрады, оның 87,7%-ы жеңіл автомобильдер, 10,4%-ы жүк автомобильдері және 1,9%-ы  автобустар", – деп жазылған статистикалық мәліметте.

Қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда 7 862 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 11 584 адам зардап шеккен. 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жол апаты 9,4%-ға ұлғайған.

1 тамыздағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 27,6 млрд теңге сомасына 54 408 сақтандыру төлемі жүзеге асырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу