Шілде айында елімізде құрғақшылық басталуы мүмкін

361

Атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтар ауданы ұлғайып жатыр. 

Шілде айында елімізде құрғақшылық басталуы мүмкін Фото: stan.kz

Жалпы 2024 жылдың шілде айында Қазақстан аумағында ылғалдану жағдайы көбінесе көпжылдық мәндерге жуық болады деп күтілуде, деп жазады Inbusiness.kz сайты. 

"Қазгидромет" РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саировтың айтуынша, нақты қалыптасқан ауа райы жағдайларын және алдағы айдың болжамын ескере отырып бірқатар өңірлерде атмосфералық құрғақшылық күтіледі.

"Шілде айында бірқалыпты ылғалды жағдай Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандарында және Степногорск қаласында күтіледі. Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы осы ай үшін бірқалыпты жағдайға жуық болады", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Тамыз айында республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы норма шамасында болады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу