Шілде айында еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құрғақшылық болатын аймақтардың қатары ұлғайып жатыр:
Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында және Арқалық қаласында;
Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Ақжайық және Бөкей орда аудандарында;
Ақтөбе облысының Шалқар, Байғанин, Ырғыз және Ойыл аудандарында;
Қарағанды облысының Ақтоғай және Шет аудандарында;
Абай облысының Аягөз ауданында;
Алматы облысының Балқаш ауданында;
Жетісу облысының Алакөл ауданында;
Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Жуалы, Жамбыл, Т. Рысқұлов және Сарысу аудандарында;
Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Ордабасы, Отырар, Шардара, Жетісай және Бәйдібек аудандарында;
Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласы аумағында;
Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының басым аумағында.