Шілде айында Павлодарда электробустар пайда болады

836

Ұзындығы 12 метр болатын әр автобуста 32 орын бар, ал жалпы сыйымдылығы 85 орын.

Шілде айында Павлодарда электробустар пайда болады

Жергілікті билік қоғамдық көліктің осы түрін сатып алу туралы былтырғы жылдың желтоқсанында сөз еткен болатын. Сол кезде Павлодардың №1 автобус паркіне автобустар сатып алу үшін 412 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Павлодар-онлайн.

"Биылғы жылы электробустар мен 20 дизельді автобустар сатып алдық. Олар маусым айында жеткізіледі", – деді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Аян Бейсекин.

Бұл автобустар литий-титанды батареялары бар синхронды электрлі қозғалтқышпен жүреді.  Оларды толық зарядтау жарты сағат уақытты алады. Әр станцияда екі автобусты қатар зарядтауға болады.

"Электробустарды №5,10 және 21 бағдарлар бойынша жүргізуді жоспарлап отырмыз", – сообщает замакима.

Қала әкімі Әнуар Көмпекеев электробустар үшін Павлодардың суық қысы сынақ болатынын, алайда мұны да ескеріп, батареялардың қиын жағдайда жұмыс істейтінін айтты.

Электробустар – экологиялық көлік. Қазақстанда оны әзір қоғамдық көлік ретінде пайдаланған емес. Бұл істі Павлодар бірінші болып бастайын деп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу