Шілде айында жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енеді

2423

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде билік пен халық арасындағы дауды қараудың негізгі қағидаттары белгіленген. 

Шілде айында жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енеді

Жаңа кодекстің ерекшеліктері туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Жоғарғы соттың судьясы Аслан Түкиев айтып берді. Оның сөзінше, мемлекеттік органдар мен қарапайым азаматтар арасында даулы жағдайлар жиі туындайды. Іс сотқа жеткен кезде шешім көбіне мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлғаның пайдасына шешіліп жатады.

"Мемлекеттік органдардың қолында барлық ресурс бар. Ал қарапайым адамда ондай әлеует жоқ. Осы себептен мұндай дауларда қолында билігі бар мемлекеттік мекеме жеңіске жетеді. Бүгінге дейін қаралған мұндай істердің 85%-ы құрығы ұзын мемлекеттік органдардың пайдасына шешілгенін көреміз. Ал биылғы шілде айында күшіне енгелі отырған кодекс осы теңсіздікті жою мақсатын көздейді", – дейді ҚР Жоғарғы соттың судьясы Аслан Түкиев. 

Қымбат Нұрғали
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу