Шілдеде 2 700-ден астам алтын құймалары сатылды – Ұлттық банк

850

Құймаларды сатып алу бойынша өңірлер арасында көшбасшы – Алматы қаласы.

Шілдеде 2 700-ден астам алтын құймалары сатылды – Ұлттық банк Фото: Серікжан Қобыланбаев

2020 жылғы шілдеде ел тұрғындары екінші деңгейдегі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 113,1 кг құрайтын 2 712 өлшеуіш құйма сатып алды, деп хабарлады бас банктің баспасөз қызметі.

Алтын құймалары бес түрде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында салмағы 10 г құйма ең көп сатып алынады. Сатудың жалпы көлемінен оның үлесі 27% – 8 206 дананы құрайды. Одан кейін 100 грамдық – 6 491 дана (21%), 5 грамдық – 6 326 дана (20%), 20 грамдық – 6 045 дана (20%), 50 грамдық – 3 787 дана (12%) тұр.

Құймаларды сатып алу бойынша өңірлер арасында көшбасшы – Алматы қаласы (сатылған құймалардың жалпы санынан 54%), одан кейін Атырау (16%), Нұр-Сұлтан (10%) және басқа өңірлер (20%) болды.

Кері сатып алуға жалпы массасы 3 кг құрайтын 114 өлшеуіш құйма қабылданды.

Алтын құймалары – инвестициялаудың сенімді құралы. Банктердің және банктік емес айырбастау пунктерінің клиентке "сол күні" ақша төлей отырып, құймаларды кері сатып алу мүмкіндігі – алтын құймалары нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы.

Қазіргі кезде алтын құймаларын Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банктен, Jýsan Bank-тен, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінен сатып алуға және оларға кері сатуға болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі халық үшін тазартылған алтынның өлшемдік құймаларын сату және кері сатып алу бағдарламасын 2017 жылы іске қосты. Барлығы 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 1,1 т құрайтын 30 855 өлшеуіш құйма сатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу