Шілде айындағы инфляция деңгейі қандай?

214

2024 жылғы шілдеде жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,6% құрады.

Шілде айындағы инфляция деңгейі қандай? Фото: canva.com

2024 жылғы шілдеде айлық инфляция деңгейі 0,7% құрады (ағымдағы жылғы маусымда – 0,4%). Ақылы қызметтердің бағасы 1,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,7%, азық-түлік тауарлары 0,2% өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бағаның өсуі ұялы байланыс үшін 11,5%, интернет-байланыс қызметі бойынша 6,8% өсті. Әуе көлігінің қызметі 12,9%, кешенді демалысты ұйымдастыру қызметі 11,5% қымбаттады.

Ағымдағы жылдың шілде айында баллондардағы сұйытылған газ бағасы 5,3% өсті. Ыдыс-аяқ 1%, киім мен аяқ киім 0,8% қымбаттады. Дәрі-дәрмектер бағасы 0,6% өсті.

Азық-түліктен қырыққабат бағасы 16,8%, картоп – 7,5%, пияз – 7,3% өсті. Темекі өнімдері – 3,8%, минералды су 1,6% өсті. Бір ай ішінде арзандаған тауарлар ішінде қызанақ бағасы 18,2% төмендеді, тәтті бұрыш – 11,2%, қызылша – 6,3%, қияр – 5,8%, сәбіз 2,1% арзандады.

Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Астана қаласында – 1,3% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төмені Қостанай облысында – 0,2%.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Павлодар облысында – 1%, азық-түлік емес тауарлары бойынша Түркістан облысында 2,1%, ақылы қызметтер бойынша Жамбыл облысында – 4,4%.

2024 жылғы шілдеде жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,6% құрады.

Ақылы қызметтердің бағасы 14,5%, азық-түлік емес тауарларының бағасы – 7,3%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,5% өсті.

2023 жылғы шілдесімен салыстырғанда тарифтер су бұруға 42,7%, суық суға – 36,5%, орталық жылытуға – 33%, электр энергиясына – 31%, ыстық суға – 29,6%, қоқыс шығаруға 25,1% өсті. Денсаулық сақтау қызметтері 11,4%, байланыс қызметтері 10,7% қымбаттады. Ацетилсалицил қышқылының бағасы 59,4%, белсендірілген көмірге – 32,1%, хилак фортеге – 25,4%, парацетамолға 19,8% өсті. Банан – 29,9%, жүзім – 26,6%, қияр – 23,5%, зәйтүн майы 20,2% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде пияз 34,8%, қарақұмық жармасы – 22,1%, күнбағыс майы – 20,8%, қырыққабат 19% арзандады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

2024 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 42,0%, азық-түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 28,2% құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу