Шілдеде азық-түлік инфляция деңгейі 99,8 пайызды құрады

902

Шілдеде азық-түлік инфляция деңгейі 99,8 пайызды құрады

Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызды азық-түліктің бағасын тұрақтандыру іс-шаралары өз нәтижесін беруде, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда облыста бағаның күрт құбылуы тіркелмеді. Өңірдегі жағдай тұрақты, азық-түліктің жетіспеушілігі байқалмайды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының мамандары хабарлады.

Олардың айтуынша, 2017 жылдың шілде айындағы азық-түлік инфляция деңгейі облыста 99,8%-ды құрайды. Оның ішінде азық-түлік тауарларының тұтынушылық бағасының индексі – 98,3%, азық-түлік емес тауарлар – 100,5%. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, маусым айында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының индексі 97,7%-ды құраған. Бұл биылғы шілде айына жоспарланған көрсеткіштен 1,9 пайыз пунктке томен.

Биылғы шілде айында әлеуметтік маңызды азық-түлік нарығындағы 2 өнімнің бағасы жоғарылаған. Мәселен,  пияз 140 теңгеден 146 теңгеге, ал сәбіз 145 теңгеден 151 теңгеге қымбаттаған. Бұл өнімдер бағасының өсуінің негізгі себебі маусымдық құбылыс болып саналады. Бұған қоса 2 өнімнің бағасы төмендеді. Яғни, қырыққабат 123 теңгеден 88 теңгеге, ал картоп 131 теңгеден 96 теңгеге дейін арзандаған.

Бүгінгі таңда бағаны тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ,  Шымкенттегі "Фиркан", "Magnum", "Рахмет", секілді ірі сауда желілерімен келіссөз жүргізіліп, қазіргі таңда тұрақтандыру қорының қанты "Фиркан" сауда желісінде сатылуда.

Еске сала кетейік, тұрақтандыру қорының азық-түлігі Шымкент қаласының әр аймағындағы ондаған әлеуметтік дүкендерде сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу