Байқоңыр ғарыш айлағында коммерциялық ұшырылымдар және Халықаралық ғарыш стансасының бағдарламасы бойынша ұшырылымдарды жүзеге асыру науқаны аясында жұмыстар жалғастырылуда, деп хабарлады ҚазАқпарат.
14 шілде күні "Канопус-В-ИК" жерді қашықтан зондтаудың ресейлік серігін және шағын серіктердің кластерін ұшыру үшін "Фрегат" үдеткіш блогы бар "Союз-2.1а" зымыран тасығышын ұшыру белгіленді. Сондай-ақ 2017 жылғы 28 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына кезекті ұзақ экспедиция экипажымен "Союз МС-05" көліктік басқарылатын кеме ұшырылуы тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу