Шілдеде балықшылар слеті өтеді

968

 Шілдеде балықшылар слеті өтеді

Шілде айында Сыр өңірінде балықшылар слеті өтеді. Балық шаруашылығы мамандарының тәжірибе алмасу алаңына айналған шара биыл үшінші рет ұйымдастырылғалы тұр.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында табиғат мәселесі негізгі тақырыпқа айналды. Оған облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Шәменов қатысты, деп хабарлайды aqmeshit-aptalygy.kz.
Облыс аумағындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі – 6,5 млн. гектар. Соның 3 млн. гектарын орманды алқаптар құрайды. Ағымдағы жылы осындай жерлерде 438 шақырым жаңадан өрт жолақтары, 3193 шақырым ескі өрт жолақтары жүргізіледі. Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық техникалық базасы 75 пайызға нығайтылған. Орман алқабын молайту мақсатында жыл сайын 10 707 гектар сексеуіл, саялы ағаш көшеттері егілуде. Соның 5 мың гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына отырғызылған. Соңғы 25 жылда Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 156 мың гектар сексеуіл егілді.
Сонымен қатар, су арналарын тазалауға да ден қойылған. Биыл Қазалы ауданындағы "Горсовет", "Дәулет-арық", Жалағаштағы "Алпамыс", Шиелідегі "Байсары" каналдарына осындай жұмыстар жүргізіледі. Аймақта жылына 8 мың тоннадан аса балық ауланады. Оның айтарлықтай көп бөлігі балық өңдеу зауыттарында өңделуде. Бұл саланың қарқынды дамып, өнімдердің экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында экспортталған балық өнімдерінің 65 пайызы Ресей нарығына шығарылған. Сондай-ақ, Польша, Дания, Әзірбайжан секілді шетелдерге де жөнелтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу