Шілдеде баспана саудасы қызды

448

Елімізде шілде айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 742 мәміле жасалған.   

Шілдеде баспана саудасы қызды Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Оның ішінде жеке үйлер бойынша – 8 465 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша – 31 277 мәміле жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылғы маусыммен салыстырғанда (33 273) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 19,4% өсті. Мәмілелер саны бойынша Астана (8 636 – 21,7%) және Алматы (8 432 – 21,2%) қалалары көш бастап тұр.  Бұл тізімге Қарағанды облысы (2 756 – 6,9%) да еніп отыр.

Ал, мәмілелер саны ең аз Ұлытау облысында, небәрі 247 мәміле (0,6%) жасалған.

2025 жылдың маусымымен салыстырғанда шілдеде мәмілелер санының ең көп өсімі Қызылорда (+70,6%) облысында және Астана (+42,2%), Алматы (+27,2%) қалаларында тіркелді. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Ұлытау (-12,4%), Атырау (-10,9%) және Алматы (-5%) облыстарында орын алды.

2025 жылғы маусыммен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі мәмілелер саны 23%-ға (5 848 мәмілеге) көбейген. 2025 жылдың шілде айында пәтерлер бойынша барлығы 31 277 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 78,7%-ы.

Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (27,2%), Алматы (24,8%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың шілде айында олар бойынша 12489 мәміле ресімделген.

2025 жылдың маусым айымен салыстырғанда шілдеде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 7,9% (621 мәмілеге) өсті. Шілдеде барлығы 8 465 мәміле тіркелген.

Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Алматы (+27,7%) қаласында, Қызылорда (+26,9%) және Маңғыстау (+18,1%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы төмендеу тек Жамбыл (-2,8%) облысында орын алды.

2025 жылғы шілдеде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 0,9% азайған, ол кезде 40 099 мәміле ресімделген болатын.

Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Қызылорда (30%) облысында байқалды, ең үлкен төмендеу – Ұлытау облысында (-46%). 2025 жылдың қаңтар-шілде айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы қаңтар-шілде айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 3,4% өсім байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу