Шілдеде халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 146 567 теңге болды

2813

Тамыздағы статистика бойынша жұмыссыздар саны – 451,2 мың адам.

Шілдеде халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 146 567 теңге болды

Статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2022 жылғы шілдеде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 146 567 (алдын ала деректер) теңге болды, бұл 2021 жылғы шілдеге қарағанда 11,9% жоғары. Нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,7%-ға төмендеген.

Бюро мәліметінше, тамыз айында жұмыссыздар саны бағалау бойынша 451,2 мың адам болды.

"Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санының 4,9%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы тамыздың соңына 252,7 мың адамды құрады немесе жұмыс күшінің 2,7%-ы", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу