Маусымда қай өңірлерде үй қымбаттады

921

Биыл маусымда Түркістан (4,5%), Қостанай (2,9%) облыстарында үй қымбаттаған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Маусымда қай өңірлерде үй қымбаттады

"Бұрын салынған үй нарығына тоқталайын. Үйдің бағасы көтерілген өңірлер арасында көшбасында Қостанай (баға 2,9%-ға көтерілген), Түркістан облыстары (баға 4,5%-ға көтерілген) тұр. Қалған өңірлерде бағаның өсімі 1%-дан төмен, Нұр-Сұлтандан үйдің бағасы 1,3%-ға өскен", – деді министрдің орынбасары.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, маусымда жаңадан салынған үйлердің бағасы тұрақты болып отыр.

"Барлық өңірде үй бағасы өсімі 0,9%-дан төмен болды. Нұр-Сұлтандағы үйдің бағасы 1,5%-ға, Алматыда – 0,5%, Шымкентте – 0,5%, Ақтау – 2,6%, қалған өңірлерде 0,5-0,7%-ға көтерілді", деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Дәурен Ерболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу