Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?

402

Биыл 6 шілде сенбіге сәйкес келеді.  

Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады? Фото: Digital Business.kz

Осыған байланысты қазақстандықтар Астана күніне орай қосымша бір күн демалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылдың шілдесінде демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбағанын айтты. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 6, 7 және 8 шілдеде демалады. Өйткені биыл Елорда күні сенбіге сәйкес келеді.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 8 шілдеде әдеттегідей жұмысқа барады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу