Шілдеде портфельді басқарушыларға 820 млн теңге аударылды

Бұл құқықты 583 азамат пайдаланды. 

 Шілдеде портфельді басқарушыларға 820 млн теңге аударылды Фото: inbusiness.kz

2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар өздерінің міндетті жарна түрлері есебінен жинақтарының 50% дейін жеткіліктілік шегін есепке алмай-ақ, ИПБ басқаруына бере алады.

"Шілде айында 583 азамат бұл құқықты пайдаланып, портфельді басқарушыларға 820 миллион теңгеден астам қаражат аударды. Бұл ретте БЖЗҚ аударуға 740-тан астам өтінімді орындады. Барлық кезең бойынша БЖЗҚ 3 972 өтініш берушінің 6 738 өтінімін орындап, ИПБ-ге 9,8 млрд теңге аударды", – деп хабарлады Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу