Шілдеде жеке тұлғалар депозиті рекордтық 18 трлн теңгеге жетті

Бір жыл ішінде мұндай депозиттердің көлемі 4,3 трлн теңгеге өсті. 

Шілдеде жеке тұлғалар депозиті рекордтық 18 трлн теңгеге жетті Фото: www.shutterstock.com

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, жеке тұлғалардың банктердегі депозиті 18 трлн теңгеге жетті, бұл жыл басындағы көрсеткіштен 1,1 трлн теңгеге (немесе 6,4%) артық, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ЕДБ депозит көлемінің өсуі клиенттердің қаржыларын сақтау мен арттырудың сенімді құралы ретінде депозитті қарастыратынын көрсетеді.

Қазір еліміздің банк секторында 21 ЕДБ бар. Ал жеке тұлғалардың депозитінің негізгі шоғырлануы ірі қаржы институттарына, соның ішінде жоғарыда аталған банктерге тиесілі. Топ-5 ЕДБ-да барлық депозиттің 80%-ы бар.

Жалпы, жаһандық геосаяси күйзелістерге қарамастан, жеке тұлғалардың ел банктеріндегі депозиті де ұзақ мерзімді өсіп келеді. Бір жыл ішінде мұндай депозиттердің көлемі 4,3 трлн теңгеге (немесе 31,3%) өсті. Бес жылдық кезеңді қарастыратын болсақ, онда бұл сома 2 еседен астам, ал он жылда 5 есеге жуық көбейген.

Осылайша, жаһандық дағдарыстарға қарамастан ҚР ЕДБ депозит тартуды жалғастырып жатқанын атап өтуге болады, бұл қаржылық тұрақтылық пен банк жүйесінің дамуын көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу