Шілдеде Жер бетінде рекордтық жоғары температура тіркелді

417

4 және 7 шілдеде планетаның орташа температурасы Цельсий шкаласы бойынша 17,2 градус болды.

Шілдеде Жер бетінде рекордтық жоғары температура тіркелді Фото: Ашық дереккөзден

Шілденің басында Жер бетінде метеобақылау тарихындағы рекордтық жоғары температура тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым хабарлайды.

Атап айтқанда, 4 және 7 шілдеде планетаның орташа температурасы Цельсий шкаласы бойынша 17,2 градус болды. Бұл 2016 жылдың тамызында тіркелген бұрынғы көрсеткіштен 0,3 градусқа артық.

Сонымен қатар климаттың өзгеруін зерттейтін еуропалық ұйымдар жазғы маусым бұрынғыдан ыстық болып жатқанын тіркеп отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу