Шілдедегі сайлауға өкілеттігі тамызда аяқталатын әкімдер ғана қатысады

1270

Шілде айының соңғы 10 күнінде ауыл әкімдерінің сайлауы ұйымдастырылады. 

Шілдедегі сайлауға өкілеттігі тамызда аяқталатын әкімдер ғана қатысады

Сайлауға 2021 жылдың тамыз айында өкілеттігі аяқталатын әкімдер қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 40 күн бұрын жарияланатын сайлау іс басындағы әкімнің өкілеттілігі аяқталардан 10 күн бұрын өтеді.

"Кандидаттарды ұсыну сайлау жарияланғаннан кейінгі күні басталады және сайлау өткізілетін күннен 15 күн бұрын аяқталады. Осы уақыт ішінде кандидат тіркеуге қажетті құжаттарды жинаумен айналысады", – деп хабарлады министрлік өкілдері.
Кандидаттарды тіркеу сайлау күнінен 10 күн бұрын аяқталады. Осы уақытта аумақтық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді. Сайлау күнінің алдындағы соңғы онкүндікте үгіт-насихат шарасы ұйымдастырылып, сайлауға дайындық жүзеге асырылады. 

"Сайлау өткізілгеннен кейінгі 3 күнде қорытынды шығарылып, 7 күнде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылады. Сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады", – деп хабарлады 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу