Шілдеден бастап аймақтарда сұйытылған газ бағасы қалай өзгереді?

698

Сұйытылған мұнай газының литрі үшін бөлшек сату бағасына 4 немесе 6 теңге қосылады.

Шілдеден бастап аймақтарда сұйытылған газ бағасы қалай өзгереді? Фото: gov.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі республика аумағында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы бұйрыққа өзгерістер дайындады, деп жазады inbusiness.kz. 

Биылғы 1 шілдеде Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газына көтерме бағаны қосымша құн салығынсыз 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін (20%-ға) арттыруды жоспарлап отыр. Бұл 1 литр үшін бөлшек сауда бағасының 4 теңгеге (ҚҚС-пен) өсуін талап етеді.һ

"Қазақстанның барлық аумағы бойынша сұйытылған мұнай газының 1 литрі үшін бөлшектеп сату бағасын 4 немесе 6 теңгеге ҚҚС-пен өзгерту ұсынылады", - делінген түсіндірме жазбада.

Осылайша ел аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар келесідей өзгереді.

Астана қаласы, Ақмола, ШҚО, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында шекті баға 76 теңгені құрайтын болады. 

Алматы қаласы, Алматы және Солтүстік Қазақстан облысында – 81 теңге. Ал, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында – 54 теңге. Жамбыл облысында – 71 теңге, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкентте – 64 теңге. 

Павлодар облысында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті баға – 74 теңге.

Құжатты ашық талқылау 12 шілдеге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу