Шілдеден бастап зейнетақы артады

811

Шілдеден бастап зейнетақы артады

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгереді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

"Елбасының берген тапсырмасына сәйкес, 2017-2018 жылдары республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен артады. Сонымен бірге биылдан бастап балаға берілетін жәрдемақы да ұлғаяды. Осыған орай назарларыңызға ұсынылып отырған заң жобасында бірқатар өзгеріс енгізу көзделіп отыр. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері қосымша 11 пайызға, ал базалық зейнетақы мөлшері қосымша 13 пайызға ұлғайтылмақ. Нәтижесінде  2016 жылмен салыстырғанда, зейнетақыны 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2 миллионнан астам адамның зейнетақысын 20 пайызға дейін арттырамыз", – дейді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, бұл бағытта орташа зейнетақы мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 60 167 теңге болса, 1 шілдеден 67 мың 41 теңгені болады, яғни 7 мың теңгеге артады.

Бұдан бөлек министр 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгеретінін жеткізді. Жаңа тәсілге сай, ол зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады. Алдағы жылдың шілдесінен зейнетақының орташа мөлшері 2016 жылға қарағанда 45%-ға артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу