Елімізде бірінші шілдеден бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аударыла бастайды, деп хабарлайды 24.kz.
Олардың қатарында жұмыс берушілер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен кәсіпкерлер бар.
Қазір бұл заң жобасы Парламенттің қарауында. Депутаттар жарнаны азайту жайын қарап жатыр. Осыған сәйкес, жұмыс беруші айына бір пайыз жарна төлейді деп жоспарланған. Ал қаржыны екінші деңгейлі банктер арқылы аударуға болады. Еске сала кетейік, қорға аударылған ақша сақталмайды және жинақталмайды.
Зәбира Оразалиева, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры: "Жеңілдік қарастырылған топтар бар. Сол қатарда көп балалы аналар, күміс алқа, алтын алқа иегерлері, жалпы айтқанда 14 топ бар. Соларға мемлекет 2018 жылдан бастап өз тарапынан төлеп отырады. Әр азамат үшін мемлекет өз тарапынан 3,75 пайыз төлейді",- дейді.