Шілдеге қарай теңге қайта құлдырауы мүмкін – Сарапшы

1279

Бүгінгі сауда сессиясының қорытындысы бойынша, доллар бірден 6 теңгеге арзандап, 402 теңгеге саудаланды.  

Шілдеге қарай теңге қайта құлдырауы мүмкін – Сарапшы

Шілдеге қарай теңге қайта құлдырауы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Сондықтан қуануға әлі ерте. Арнамызға берген сұхбатында экономист Мақсат Халық осылай деді. Сарапшының пікірінше, теңгенің күшеюіне бірнеше себеп бар. Ең біріншіден, рубль  ықпал еткен. Екіншіден, мұнай бағасының тұрақталуы. Әлемдік нарықтардағы қара алтынға деген сұраныс пен ұсыныстың теңесуі мұнай өндіруші елдердің валютасына оң әсер еткен.

Үшіншіден,  төтенше жағдайға байланысты кейінге шегерілген салық төлеу мерзімі  қайта жанданды. Осыған орай ішкі нарықта теңгеге сұраныс артқан. Сондай-ақ, жыл сайын жаз айларында теңге арзандайтын. Себебі, демалысқа кететін қазақстандықтар доллар сатып алып, көкқағаздың құны қымбаттайтын. Алайда, биыл пандемияға байланысты бұл үрдіс байқалмайды. Дегенмен, экономистің пікірінше, теңгенің күшеюі – қысқа мерзімді  құбылыс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу