Шілденің 27-нен 28-не қараған түні Ай тұтылады

1259

Петропавлда қызыл түске боялған Айды тамашалау үшін телескоп орнатылып қойды.

Шілденің 27-нен 28-не қараған түні Ай тұтылады

Шілденің 27-нен 28-не қараған түні қазақстандықтар Айдың ең ұзақ тұтылуын тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Айдың тұтылғанына жалаң көзбен қараудың еш қауіптілігі жоқ. Алайда психикалық ауытқушылығы бар адамдардың бұл құбылысты тамашалауына болмайды. Мұның әсерінен олардың мазасы кетіп, күйгелектеніп, депрессияға ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ бұл күні маңызды шешім қабылдамағандарыңыз дұрыс. Кикілжіңге жол бермеңіз", – деді астролог Арман Штатбаев.

Астрологтар бұл құбылысты "қанды тұтылу" деп атайды. Олардың айтуынша, Айдың тұтылуы Жер тұрғындарының өміріне әсер етуі мүмкін екендігін айтуда. Сонымен қатар ғалымдар бұл құбылыс 15-17 жылда бір кездесетінін, ендігі тұспа-тұс келуі 2035 жылы болатынын, Марсты жердегі телескоппен көруге мүмкіндік туатынын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу