Шілденің басындағы жағдай қайталануы мүмкін – Алексей Цой

1767

Карантинді созу талаптары қайта қаралмақ.

Шілденің басындағы жағдай қайталануы мүмкін – Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой COVID-19 індетінің тағы бір шарықтау кезеңі артта қалды деген пікір білдірді.

"Шілденің басындағы пиктен өттік деуге болады. Мұндай пик тағыайталануы да мүмкін. Ол халықтың сақтануына, әлеуметтік қашықтық пен санитарлық-эпидемиологиялық режимді қаншалықты сақтағанына байланысты. Аурудың таралуы жылдамдығына бәріміз тікелей себепкер бола аламыз. Еегер сақтық шараларын сақтамасақ, төсек орындарын қанша көбейтсек те аурудан құтыла алмаймыз. Қазір бірдеңе деп болжау айту өтеу қиын. Елдегі төсектердің 34 пайыз ғана жүктелген. Жедел жәрдем шақырулар еселеп азайды. Көрсеткіштердің шынайы азайғанын көріп, пиктен өттік деп отырмыз. Бірақ бұл індетті толық еңсердік деген сөз емес. Біздің мақсатымыз осы жағдайды сақтай отырып, көрсеткіштерді төмендете беру", – деген министр карантинді созу талаптары өзгеруі мүмкін екенін айтты.

"Төсек орындарының жүктелуі 70 пайыздан асқанда карантинді күшейтіп келгенбіз. Бұл көрсеткіштерді қайта қарап жатырмыз. Екі апталық шектеулер біткенше бұл тәртіп пысықталып, дайын болады. Карантинді созу немесе жеңілдету  туралы шешімнің ең басты көрсеткіші – індет жұқтыру деңгейі. 2-3 апта бұрынғы жағдаймен салыстырсаңыздар, көрсеткіш жақсарып келе жатқанын көресіздер", – деді Алексей Цой.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу