Шина өңдейтін ірі зауыт іске қосылды

951

Шина өңдейтін ірі зауыт іске қосылды

Елімізде жыл сайын 100 мыңнан астам көлік дөңгелектері жарамсыз қалып, олардың басым бөлігі қоқысқа лақтырылады. Осы олқылықты жою үшін кәсіпкерлер Алматы облысында шинаны қайта өңдейтін зауытты іске қосты. Аталған зауыт 1 жылда 6 мың дөңгелекті қайта өңдеп шығара алады. Ол жерден шыққан өнім балалар алаңының төсенішіне, газондардың астыңғы қабатына төселеді. Бұдан бөлек, мамандар ұнтақталған шинаны тас жолдың құрамына қосуды көздеп отыр. Бұл барлық елде қолданылатын тәжірибе.

Қазір еліміз бұл қоспаны Ресейден импорттап отыр. Ал зауыттың іске қосылуымен бұл керек жарақты енді өзімізде өндіруге болады. Көрші елден келетін өнімнің тоннасы 120 мың теңге болса, өзіміздің өнім 80 мың теңгені құрамақ. Айта кетейік еліміздегі республикалық маңызы бар тас жолдардың ұзындығы 23 мың шақырымды құрайды. Соның тек 8 мыңы ғана қанағаттанарлық жағдайда дейді қазаавтожол мамандары. Ал бұл зауыттан шыққан өнім арқылы жыры ұзаққа созылған жырым жолдардың жағдайын түбегейлі реттеуге болады екен.

Аңсар Оңалбаев, Шина өңдейтін зауыт дирекорының орынбасары:

"Тұрғындардан дөңгелектерді өзіміз барып алып кетеміз. Сөйтеміз де осы жерде оны кесіп, ұнтақтап басқа қажеттерге жаратамыз. Бұл барлық елде бар практика. Кей азаматтар шиналарды сатамыз дейді. Алайда ол дұрыс емес. Өйткені барлық елде дөңгелекті осындай зауыттарға бергені үшін азаматтардың өздері ақша төлеулері тиіс. Бірақ біз ешкімнен ақша талап етпейміз. Барлығы тегін."

Елімізде лицензиясы бар дөңгелекті утилизация жасайтын 10 ға жуық зауыт бар екен. Алайда олардың барлығы шағын. Алматы облысында жұмысын бастаған зауытта 70 адам қызмет істейді. Алдағы уақытта олардың саны көбеюі мүмкін. Себебі зауыт өзінің қуаттылғын екі есе арттыруға бел буып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу