Шипажайға жалған жолдама сатқан алаяқ ұсталды

567

12 шымкенттікті алдаған алаяқ Алматыда қолға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Шипажайға жалған жолдама сатқан алаяқ ұсталды Фото: inform.kz

Сайрам аудандық полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Әйелдің айтуынша, ол жалған жарнамаға алданыпты. Ақсукент ауылындағы шипажайлардың біріне 10 күнге демалысқа шақырған хабарландыруға сеніп, 100 мың теңге аударған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынады.

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Сайрам аудандық тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қажетті іздестіру шаралары жүзеге асырды. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, жедел уәкілдер жасырынып жүрген күдіктіні Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстаған.

Ол - Төлеби ауданының тұрғыны. Бұрын алаяқтық дерегімен сотты болған жас қыз.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу