Шипажайлардағы демалушылар үйлеріне қайтады

825

Алматының бас санитарлық дәрігері арнайы қаулы шығарды. 

Шипажайлардағы демалушылар үйлеріне қайтады

17 наурыздан бастап Алматыдағы шапажайлар мен курорттық аумақтар демалушыларын тұрғылықты жерлеріне  қайтару туралы ұйғарым шығарылды. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату бойынша өңірлік штаб пен Алматының бас санитарлық дәрігері міндетін атқарушының қаулысы негізінде жүзеге асады, деп хабарлады әкімдік. 

"Мемлекет басшысының төтенше жағдай енгізу бойынша" жарлығына сәйкес шипажай басшылары барлық демалушыларды тұрғылықты мекен-жайларына қайтарулары қажет",– деп жазылған хабарламада. 

Айта кететіні Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырған 18 адам тіркелген. Түнгі сағат 00:00-ден бастап қаланың кіре берісі жабылып, қатаң карантин режимі орнатылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу