ШҚМТУ-да SMM мамандары даярланады

1748

Осы мамандық бойынша оқимын, білім аламын деген жастарға грант қарастырылуы мүмкін.

ШҚМТУ-да SMM мамандары даярланады

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да әлеуметтік медиа маркетинг (SMM) саласының мамандары даярланбақ. Бұл туралы аталмыш университеттің бірінші проректоры Сәуле Рахметуллина мәлім етті, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Әзірше, оқудың бағасы белгісіз. Ал осы мамандық бойынша оқимын, білім аламын деген жастарға грант қарастырылуы мүмкін. Алдағы уақытта бұл мәселелерді білім және ғылым министрлігі шешетін болады", – дейді Сәуле Рахметуллина.

Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың басшылығы Алматыдағы халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің проректорымен екіжақты мемарондумға қол қойды. Мұндағы басты мақсат – маркетингтік коммуникация құралдарын бизнес саласында тиімді пайдаланатын кадрларды даярлау.
Айта кетейік, биылғы жылдың қыркүйегінен бастап SMM мамандарды оқыту қолға алынады. Студенттерге тәжірибелі кадрлар сабақ беретін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу