ШҚО 1 мың адамды қабылдауға дайын

973

Егер Арыс қаласынан ШҚО-ға қоныс аударуға ниет білдіргендер саны артса, квота саны көбейтілуі мүмкін.

 ШҚО 1 мың адамды қабылдауға дайын

ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаев ШҚО-ның мемлекеттік қоныс аудару бағдарламасы бойынша 1000 адамды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Басқарма басшысының айтуынша, облыстың барлық қалалары мен аудандарында қоныс аударған азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, отбасының әр мүшесіне көшу, баспана жалдау, коммуналдық төлемдер үшін субсидия түрінде материалдық көмек қарастырылған. Сондай-ақ, бірден жұмыспен қамтылады. Кей қалалар мен аудандарда тегін баспана мен жер телімдері,  ұсақ мүйізді мал басы, одан бөлек, өз кәсібін ашуға да субсидия берілуі мүмкін.

Осы мүмкіндіктерді Арыс қаласының тұрғындарына пайдалануға болады екен.

"Бүгінгі таңда осы мақсаттарға бізге республикалық бюджеттен 736 миллион теңге бөлініп отыр. 1566 адамға квота берілген. 1528 бос орын бар. Егер Арыс қаласынан ШҚО-ға қоныс аударуға ниет білдірген азаматтардың саны арта түссе, республикадан квота санын көбейтуді сұраймыз. Ондай мәселелер шешуге болады. Кез-келген уақытта арыс қаласына барып, бос орын қызметтерінің жәрмеңкесін ұйымдастыруға, жергілікті халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын отырмыз. 1000 адамды қабылдай аламыз, – дейді Ерболат Ошақбаев.

Айта кетсек, кеше Арыс қаласында жойқын жарылыс орын алып, қала түгел көшірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу