ШҚО: 2022 жылы өңірде 1297 тонна тауарлы балық өсіру жоспарланған

562

Өскемен және Бұқтырма су қоймаларында құнды балық өсіретін екі торлы балық өсіру шаруашылығы құрылады.

ШҚО: 2022 жылы өңірде 1297 тонна тауарлы балық өсіру жоспарланған

Экология министрі су және орман шаруашылықтарының жұмысын, сонымен қатар балық шаруашылығын дамыту мәселелерін қозғады, деп жазады inbusiness.kz ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

2022 жылы өңірде 1297 тонна тауарлы балық өсіру жоспарланған, ағымдағы жылдың 6 айында оның 726 тоннасы өсірілді. 2023 жылдың соңына дейін Өскемен және Бұқтырма су қоймаларында құнды балық өсіретін екі торлы балық өсіру шаруашылығы құрылады, олардың жалпы қуаты 1,5 мың тонна.

"Облыс әкімдігінен жобалардың іске асырылуын ерекше бақылауға алып, қажетті көмек көрсетуді сұраймын", - деді С.Брекешев.

Баяндамасының соңында Экология министрі С.Брекешев: "Құрметті кездесуге қатысушылар, Сіздермен кездесуімді пайдалана отырып, мынаны айтқым келеді. Сіздердің өңірлеріңіз табиғи байлықтарымен әйгілі, бұл Катонқарағай ұлттық паркі, Марқакөл көлі және басқа да жерлер. Сіздерге көптеген туристер келеді. Біздің бірегей табиғи байлықтарымызға ұқыпты қарауға, қоқыс тастамауға, рұқсат етілмеген жерлерде от жақпауға шақырамын. Болашақ ұрпақ үшін табиғи сұлулықты құрметтеу және сақтау керек", - деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу