ШҚО әкімдігі 134 ардагерге 600 мың теңгеден береді

830

Даниал Ахметов екінші дүниежүзілік соғыс тарихын мектепке қосымша бағдарлама ретінде оқытпақшы. 

ШҚО әкімдігі 134 ардагерге 600 мың теңгеден береді

Шығыс Қазақстан облысы екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін құрметтеуде Ресейден де асып түсті. Көрші елдің билігі соғыстың аяқталғанына 75 жыл толатынын ескеріп, мәскеулік ардагерлерге 25 мың рубльден беру туралы шешім шығарған болатын. Ол төл валютамызға шаққанда 140 мың теңгеге таяу ақша.

Ал тыл ардагерлері мен оларға теңестірілген мүгедектер 100 мың теңге алады.

Облыстың әкімі Даниал Ахметов бұл шешімін келесідей түсіндіріп отыр.

"Бұл - бірінші кезекте біздің ұлы буын алдындағы адами парызымыз. 9 мамыр – халқымызды біріктіре түсетін мейрам. Бір ай ішінде қазақстандықтардың соғыста көрсеткен ерлігін оқушыларға дәріптейтін мектеп бағдарламасын дайындау керек. Ол тіпті жалпы білім беру бағдарламасына қосымша ретінде оқытылуы керек", – деді Даниал Ахметов кезекті жиында. Әкімдіктің баспасөз қызметі 7-9 мамырдағы мекерелік шараларда 200 мың адамды қамтитын 340 шара іске асатынын хабарлап отыр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу