ШҚО әкімі: Бірде бір жаңа аудан ашпаймыз

2580

Даниал Ахметов Марқакөл өңірін дербес аудан ету ұсынысына қатысты пікір білдірді.

ШҚО әкімі: Бірде бір жаңа аудан ашпаймыз

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірдегі шекаралық аудандарды дамытудың бағдарламасы жасалатынын айтты. 

"Марқакөлдің ақсақалдары маған келді. 45 адам болып, сұрақтар қойды. Мен ол кісілерге: "Туысқандарым, айтыңыздаршы, 45 кісі келдіңіздер. Араларыңызда қанша кісі Күршім мен Марқакөлде тұрады?", – деген бір ғана сұрақ қойдым. Қалай ойлайсыздар, қанша кісі Марқакөлден кездесуге келген? Бір кісі ғана. Қалғанының бәрі Өскемен мен Семейде тұрып жатқанына 20 жылдан асқан. Бірақ та өте дұрыс мәселе көтерілді. Сол себептен мен арнайы комиссия құрдым. Қазір бес ауданда жұмыс істеп жүрміз. Үржар, Тарбағатай, Зайсан, Катонқарағай, Күршім аудандарына арнайы бағдарлама жасаймыз. Әлеуметтік жұмыстарды көтеріп, қосымша қаржы бөлеміз. Осы жұмыс аяқталғаннан кейін ондағы халықпен өзім кездесемін. Ақырғы сұрақ. Бір де бір жаңа аудан ашпаймыз. Неге десеңіз,  аудан ашқанда тек қана жаңа жұмыскерлердің баспана мәселесін шешу үшін 9 млрд теңге кетеді.  Сонда не керек халыққа? Жаңа шенеуніктер ме? Оған қарағанда арнайы бағдарлама керек. Келген 45 ақсақалдың бәрі менімен келісті. Біз осы жобаны іске саламыз", – деді ШҚО әкімі. 

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу