Мемлекеттік бюджетке түсім 1,6 есеге артты – Даниал Ахметов

711

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірде атқарылған жұмыс қорытындылары туралы баяндады.

Мемлекеттік бюджетке түсім 1,6 есеге артты – Даниал Ахметов

Оның  мәліметінше, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері тұрақты серпінді өсіп келеді. 

"Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107%-ды құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі – 108%, ауыл шаруашылығы өнімі 103%, инвестиция – 112%, құрылыс жұмыстары – 110%. Осының барлығы мемлекеттік бюджетке түсімді 1,6 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Еңбек нарығы тұрақты дамуда. Соңғы екі жылда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан асқан жоқ. Орташа айлық жалақы 125%-ға өсті", деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу