ШҚО әкімі: Өскеменде ауа сапасын жақсарту үшін бірқатар іс-шара әзірленді

90

Өңір басшысы 3 жылға арналған жоспар бекітілгенін айтты.  

ШҚО әкімі: Өскеменде ауа сапасын жақсарту үшін бірқатар іс-шара әзірленді Фото: yk.kz

Астана қаласында ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бұл мәселе тұрақты бақылауда екенін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшыларымен меморандумдарға қол қойылды, оған сәйкес экология департаментінің мамандары кез келген уақытта кәсіпорын аумағына кіріп, өлшеулер жүргізе алады. Қажет болған жағдайда өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірісті төмендетеді.  

"Сонымен қатар, қазіргі уақытта 25 стационарлық бекет орнатылып жатыр, оның көмегімен шығарындылардың көзін анықтай аламыз. Осы субъектілермен жұмыс жүргіземіз", – деді әкім.

Бұдан басқа ластанудың жалпы көлемінің шамамен 10%-ын құрайтын жеке секторды орталық жылумен қамтамасыз ету жоспарда бар. Электромобильдер мен экологиялық көлікті дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр, өйткені шығарындылардың ең көп көлемі көліктерге тиесілі – 58-59%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу