Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға екі бап бойынша айып тағылды

249

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың соты басталады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға екі бап бойынша айып тағылды   Фото: altainews.kz

Бүгін Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі басталады. Бұл туралы сот кабинетіндегі құжатта жария етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

— Жақсылық Омарға ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары (ірі мөлшердегі алаяқтық) және 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (ірі мөлшерде пара алу) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айыптар тағылып отыр, — делінген құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу