ШҚО әкімінің халық алдындағы есеп беруі онлайн өтетін болды

773

Даниал Ахметов 26 ақпанда халық алдында есеп береді.  

ШҚО әкімінің халық алдындағы есеп беруі онлайн өтетін болды

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тұрғындар алдындағы есебі 2021 жылдың 26 ақпан күні сағат 11.00-де заманауи коммуникация құралдары мен әлеуметтік желілер Facebook, Instagram, YouTube арқылы онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды altaynews.kz

 

Сондай-ақ, есептік кездесу "Алтай" облыстық телевидениясының тікелей эфирінен көрсетіледі.   

Шығыс Қазақстан облысының әкіміне ұсыныстар мен сұрақтарды облыстың елдімекендерінде орналасқан арнайы жәшіктер арқылы (жәшіктердің орналасқан жерлері мен облыс әкімінің және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің есеп беру кездесулерінің кестелері "Ашық деректер" порталында орналасқан) сонымен қатар, облыс әкімінің қоғамдық қабылдау бөлмесі, 1331.kz сайты, 1331, және 700-999, 700-300 телефондары арқылы жолдауға болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу