ШҚО алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматша анықталды

882

Аталған азаматшаның 300 000 аса қарызы болған.  

ШҚО алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматша анықталды

Шығыс –Қазақстан облысында жылдың басынан алимент төлеуден жалтарып жүрген 158 азамат анықталды. ШҚО ПД КҚҚБ-ның қызметкерлерімен алимент төлеу, борышкерлер және туыстық қатынастарын жоғалтқан азаматтарды анықтау бойынша күнделікті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz .

"2021 жылы сәуір айының аяғында Өскемен қаласы ПБ көші -қон қызмет бөліміне кәмелет жасқа толмаған қызына алимент төлеуден жалтарып жүрген 40 жастағы әйелге қатысты Өскемен қаласының сотынан ұйғарым келіп түсті. Аталған азаматшаны тез арада іздестіру ісін ашпай анықтады. Аталған азаматшаның 300 000 аса қарызы болған. Қарызды өндіру үшін іс жеке сот орындаушылар палатасына жолданды", - деп айтты ШҚО ПД Көші-қон қызметінің бастығы Ербол Бекпаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу